Саяхат. Бекет ата жерасты мешіті
Батыс Қазақстан аймағы Орталық және Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азия мемлекеттерінің қақпасы болып табылады. Бүгін біз саяхат жасағалы отырған Бекет ата жерасты мешітіне 3 түрлі жолмен бара аласыз. Мешіт Оғланды жеріндегі ақ бор тасты тау шатқалының орта қабатынан ойып жасалған 3-4 бөлмеден тұрады. Бекет ата мешіті жайлы ел арасында түрлі аңыз-әңгімелер өте көп. Ол емші, көріпкел ғана емес физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде де аты танылған. Тарихқа толы саяхатымызды бүгінгі бағдарламадан толығырақ көре аласыздар.