ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің төрағасы жұмыс қорытындысы туралы

Өткен аптада еліміздің инвестициялық секторы үшін ең айтулы оқиғалардың бірі бұл Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің екі ел арасындағы ХХ аймақаралық ынтымақтастық форумына қатысуы болды. Бейнеконференция арқылы сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы сауда-экономикалық, инвестициялық және өнеркәсіптік салалардағы ынтымақтастық тұрақты өсімді көрсетіп отырғанын атап өтті.

Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 27 миллиард долларды құрады. Ресейден Қазақстанға тартылған тікелей инвестиция көлемі 25 миллиард долларға жетіп, жыл сайынғы инвестиция ағыны екі есеге өсіп, 3 миллиард долларды құрады. Қазақстанда 23 мың ресейлік және бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді, бұл шетел капиталы бар кәсіпорындардың жартысына жуығы.

Біз Қазақстанның инвестициялық саласындағы нәтижелері туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ғабидолла Оспанқұловпен толығырақ әңгімелескен едік.