Агросектор. Нанның картоп ауруы

olx.uz

Бұрын-соңды бұл жөнінде естіп пе едіңіз? Бұл аурудың салдары неден пайда болады? Бағдарлама барысында толығырақ тарқатамыз.

Дұрыс пісірілмеген нанның сапасы оның технологиялық параметрлеріне байланысты. Сауда орындарына жеткен жаңа піскен нанды әзірлеу барысында мамандар нені ескермейді? Нан зауыты ережелік нормаларды қаншалықты сақтайды?

«Картоп» немесе «жабысқақ» деп аталатын ауру түріне қышқылдығы төмен бидай наны жиі ұшырайды дейді мамандар. Ал тәулігіне 25 тонна нан өнімдерін шығаратын зауыт ережелері қандай? Мұнда электронды нан илегіштің арқасында илеу уақыты 7 мин ғана созылады. Уақыт үнемділігі оның сапасына кері әсер етпейді ме?