Агросектор. Өзіміздің азық-түлікке «органик» ұлттық белгісі қойылады
Үстіміздегі жылдың маусым айынан бастап «Органикалық өнімді өндіру туралы» заң күшіне енеді.
Бұрын өндірушілер биоөнімдерін шетелдерде сертификаттаса, жаңа заң бойынша енді ол Қазақстанда жасалмақ. Өнім қаптамаларына арнайы белгі қойылады. Сол арқылы әрбір сатушы оның таза органикалық екеніне сенімді болады.
Органикалық егіншілік Ассоциациясының мәліметі бойынша бізде органикалық өнімдер шығаратын 29-дан астам өндіруші бар. Олар өз өнімдерін АҚШ пен Еуропаға экспорттайды. Қазіргі таңда осы бағытта қандай шаралар жүзеге асырылып жатыр?