Агросектор. Шатырдағы шағын бақша

www.ileykom.com

Көпқабатты үйдің шатырында да экологиялық таза көкөніс өсіруге болады. Оған дәлел бүгінгі бағдарлама кейіпкері Дамир Абдулхакимовтың шағын бақшасы.

Ол 10 жылдан бері Астанадағы 11 қабатты үйдің үстіне қызанақ пен қияр егіп келеді. Еңбек пен ынтаның арқасында қаланың қақ ортасында орналасқан үй шатырын кішігірім баққа айналдырды. Бұл шатырды пайдалану үшін соңғы қабатта тұратын пәтер иесіне заңды рұқсат алудың қажеті жоқ дейді ол. Бастысы шатыр қаптамасын су өтпейтіндей етіп жауып, 10 жылда 1 рет ауыстырып тұру керек. Жалпы бұл әдісті қалай жүзеге асыруға болады? Көкөніс егуді ең алдымен неден бастаған жөн?