Агросектор. Қыстың қамын жаз ойла

ruralrouteramblings.com

Биылғы жауын-шашын шөп ору науқанын біраз кешіктіріп отыр. Сондықтан әрбір ашық ауа райы шаруалар үшін қызу жұмыс күні.

Бүгінгі шығарылымда біз сіздерді 10 жылдан астам уақыт өз ісін дөңгелетіп отырған Ақмола облысының Ақкөл ауданындағы шаруа қожалығының жұмысымен таныстырмақпыз. Ірі қара мал басын көбейтіп отырған фермада шөп ору науқаны басталып та кетті. Қожалық иесі «ҚазАгро» арқылы лизингке ауылшаруашылық техникаларын алған. Бұл өте тиімді. Себебі 14 пайызбен берілген олардың 10 пайызын мемлекет субсидиялайды. Сондай-ақ техника шөп жинау жұмыстарын кемдегенде 3 есе жылдамдатады дейді шаруа қожалығының иесі.