Заң жобасы. Жеке сот сарапшысының жұмысын реттеу
Мәжілісте қолдау тапқан сот сараптамасы туралы заң жобасы Сенатқа жіберілген болатын. Депутаттар әріптестер енгізген өзгерістермен келісті. Сенаторлар бұл құжат қабылданған соң «сараптама сапасы артып, орындалу мерзімі 1 айға қысқарады» деді. Сондай-ақ жеке сот сарапшыларының жұмысы алғаш рет реттелетін болады. Бұл туралы толығырақ осы хабарда баяндап береміз.