Заң жобасы. Электронды күнделік

Қазақстанда қазір 4 мың мектеп электронды күнделікті пайдаланып жатыр. Жаңа жүйеге ең алдымен елордадағы орта оқу орындары көшкен. ҚР Білім министрлігі оқушыларды оны пайдалануға мәжбүрлемейді. Оны әркім өз еркімен қолдануға құқылы. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев Парламентте өткен Үкімет сағытында мәлімдеді. Бірақ депутаттар kundelik.kz сайтын аса қолдап отырған жоқ. Себебі онымен жұмыс істеу әлі интернеті жоқ шалғай ауылдағы мектептер үшін қиын болады дейді олар. Толығырақ тақырыпты осы шығарылымда тарқатамыз.