Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Лондон Еуроодаққа 45 млрд еуро төлейді
- Қытайта өткен кездесуде БҰҰ өкілдері туризмді дамыту тетігіне айналдырып, планета мен тұрғындар үшін барынша пайдалы қылу мәселесін талқылады.
- Лондон одақ құрамынан шыққаны үшін Еуроодаққа шамамен 45 млрд еуро төлеуге дайын.
- Экономиканың экологиялық жағдайға тигізер ауыр зардабын азайту үшін Латын Америкасы өз қалаларын қайта жоспарлап шығуы керек. «El Pais» басылымы тілшісінің жазуынша, ушыққан ахуалдың ауыртпалығын тек осылай ғана сейілтуге болады екен.
- Мектептегі білім беру ісі ілгерілеу үшін «ұғына білу» қасиетін қалыптастыру керек. Кең ауқымда жүргізілген финдік зерттеу жұмыстары кезінде ғалымдар осыны дәлелдеді.