Қайрат Сәтжанов: Жалпы есепте топ жаруымыз керек
Жалпы есепте топ жаруымыз керек.
Азия чемпионатына аттанатын боксшыларға осындай міндет жүктелді. Бұл жөнінде ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов мәлімдеді. Бәсеке Таиландтың Чиангмай қаласында өтеді. Оған 13 боксшымыз қатысады. Жігіттер Шымкент қаласындағы халықаралық турнирде іріктелді. Ал қазір Астанада жарыс алдындағы соңғы дайындықты пысықтап жатыр. Париж олимпиадасынан кейін отандық бокста өзгерістер болып жатыр. Бапкерлер құрамасы толық өзгерді. Бұған қоса, шетелден мамандар шақыртылып, спортшылардың физикалық тұрғыда шыңдалуына көмектесіп жатыр. Қайрат Сәтжанов баптайтын былғары қолғап шеберлері бүгін жолға шығады. Азия чемпионаты 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында болады.
Қайрат Сәтжанов, Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері