Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Пилотсыз «ұшақ-такси» сыналды

- «Süddeutsche zeitung» газеті Сібірдегі Ямал жартыаралы туралы жазған. Ондағы температураның бар болғаны 0-ден төмен. Бірақ суықтың күштілігінен уақыт тоқтап тұрғандай әсер қалдырады екен. 

- Американың Black Rock шөлінде жыл сайын өткізілетін «Burning Man» дәстүрлі фестивалі қатты дауылдан зардап шеккен аймақтардағы көлік мәселесін оңды шешуге көмектесті. 

- Дубайда ұшқышы жоқ алғашқы «ұшақ-таксиді» сынау жұмыстары өткізілді. Бұл таңғажайып техниканы немістің «Volocopter» компаниясы жасап шығарған. Жүргізушісі жоқ такси әуеде 30 минут бойы қалықтап ұша алады. 

- Вашингтон пост авторы Тара Барампур жасөспірімдерге қатысты мақаласын жариялады.