Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Сингапур - шетелдік жұмысшылар үшін ең қолайлы мемлекет

- «HSBC» банкі 2017 жылы шетелдік жұмысшылар үшін ең қолайлы болған мемлекетердің рейтингін жариялады. «Quartz» басылымының жазуынша бұл тізімнің басында Сингапур тұр. Сингапур осымен 3 жыл қатарынан шетелдіктердің көңілінен шыққан ең жайлы мемлекет саналады. 

- Жапония премьер-министрінің әлеуметтік саланы қаржыландыруды күшейту үшін салықты өсіру туралы бастамасы өз тиімділігін көрсете бастады. 

- Қытайлықтармен ашық бәсекеге көшкен Еуропа алып теміржол корпорациясын құрмақ. Жоғары жылдамдықпен жүйткитін «Alstom» пойыздарын құрастыратын кәсіпорын немістің «Siemens» компаниясының көлік бөлімшесімен бірігетін болады. 

- 25 жастағы австралиялық блогер Анабел Гипсен ми қатерлі ісігінен қалай емделгенін айтамын деп басы дауға қалған.