Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Біріккен Араб Әмірліктерінде «Күнә салығы» күшіне енді
- АҚШ-тың федералдық қор жүйесі Британдық HSBC банкін валюта нарығында заңсыздықтарға жол бергені үшін айыптап, 175 млн доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеп отыр.
- Біріккен Араб Әмірліктерінде жаңа акциздік салық өз күшіне енді. Енді елдегі темекі өнімдері мен энергетикалық сусындардың бағасы екі есеге өседі. Ал алкаголсіз ішімдіктер 50%-ға қымбаттайды. «Күнә салығы» деп аталып кеткен бұл өзгерістер бірінші қаңтардан бастап тауарлар мен қызметтердің көптеген түріне салынар қосымша құн салығының қымбаттауына жол ашады.
- «Yandex» пен «Google» күресі туралы Le Figaro жазыпты. Ресейлік іздестіру жүйесі ұлттық трафигтің жартысын иеленгенімен, уақыт өте келе өз нарығының елеулі бір бөлігінен айырылады деп жазады басылым тілшісі Пьер Аврил.
- Ананың көңілі балада. Аутизм дертіне шалдыққан балаларды жұмысқа орналастырудың оңай еместігі туралы «USA Todayден» оқи аласыздар.