Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Еуропалық орталық банкі грек дағдарысынан 9 жарым млрд пайда тапқан

- «AKIpress» басылымы ТМД елдерінің  мемлекет басшылары кеңесі мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінде көтерілген кейбір мәселелерге тоқталды. 

- Еуропалық орталық банкі грек дағдарысынан 9,5 млрд пайда тапқандығы жөнінде «Financial times» жазған. Мақала авторының айтуынша, егер Грекияны құтқару бағдарламасы мүдделер кекілжіңіне ұласса, онсызда 7 жыл бойы қатаң үнемдеу саясатынан жапа шеккен мемлекеттің наразылығын туғызуы мүмкін. 

- Венесуэлада еселеп өскен инфляция индексі келер жылы 2300%-ға жетеді. Бұл халықаралық валюта қорының бақылауындағы кез келген мемлекет үшін ең жоғары мөлшер болып саналады, - деп хабарлайды «Bloomberg». 

- «Euronews» Оңтүстік Кореяда халықаралық телекоммуникациялық саммиттің қайда өткендігі туралы баяндайды.