Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Германия зейнетақы салымдарын қысқартады

- Көмірден біржола бас тартқан қалалар мен кәсіпорындардың, тіпті тұтас бір мемлекеттердің қатары біртіндеп көбейіп келеді. Бұл туралы толығырақ EcoWatch сайтынан оқи аласыздар. 

- Германия келер жылдан бастап зейнатақы салымдарын қысқаратады, деп хабарлайды Shippeng news.  Жұмыс берушілер мен қызметкерлерден түсер қаражат енді 1 млрд 300 млн еуроға азаяды. Бұған жұмыспен қамтылу көрсеткішінің рекордтық деңгейге жетіп, резерв деңгейінің артуы себеп болып отыр, - дейді Үкімет өкілдері. 

- Дональд Трамп Ақ үй иелерінің ежелден қалыптасқан дәстүрін бұзып, тағы да көзге түсті. CNN телеарнасының хабарлауынша, президент мұнда жыл басында қоныстанған болса да, әлі күнге ит-мысық асырап әуестенбеген көрінеді.