Іскерлік ақпарат. Шағын бизнесті қолдаудан Алматы көш басында

- Елімізде қаржылық қызмет түрлері көбейген сайын Ұлттық банк тұтынушыларының саны да артып келеді. Өткен жылы қаржы нарығын реттеуші ұйым 13 мың өтінішті қараса, биылғы 8 айда бұл көрсеткіш 6,5 мыңға жетіп жығылды. 

- Жамбыл облысының кәсіпкерлік саласы қарқынды даму үстінде. Өңірдегі бизнес  субъектілерінің саны өткен жылмен салыстырғанда 9,7%-ға артып, 59 мыңнан асты. 

- Қазақстандағы банктердің шағын бизнесті қолдауға бөлген қаражаты өткен жылмен салыстырғанда 12,9%-ға артып, жалпы мөлшері 3,15 трлн теңгеге жетті. Бұл қаржы институттарына тиесілі несиелік портфелдің 24%-на тең көрсеткіш.  Шағын бизнесті қолдау жағынан Алматы көш басында келеді. Бұл бағытқа бөлінген қаржы 1,5 трлн теңгені құраса, екінші орында 953,3 млрд теңге көрсеткішпен Астана тұр. 

- Шығыс Қазақстан облысының  Күршім ауданындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысына шетелдік инвесторлар қызығушылық танытуда. 

- Оңтүстік Қазақстан облысының Ордабасы ауданындағы заманауи қондырғылармен жабдықталған сүт фермасында жақын күндері сүт өңдеуге бағытталған зауыт іске қосылады.