Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Сауд Арабиясында робот алғаш рет азаматтық алды

- Жапондық инвесторлардың шетелдік активтерге жұмсаған ақшасы 8 трлн 790 млрд доллардан асты, деп хабарлайды Nikkei. Соңғы 5 жылдың ішінде шамамен 50%-ға көбейген бұл сома, қазір елдің ішкі жалпы өнімінен екі есеге көп. 

- Германиядағы қуат өндірушілер енді тұтынушыларға ақша төлейді. Bloomberg басылымының жазуынша, бұл елдегі тепе-теңдікті сақтап қалу үшін қолға алынып отырған шара. 

- Осака префектурасында тұратын жапондық оқушы қыз өз мектебін сотқа берді. Мектеп басшылығы оның шашын қара түске бояуын міндеттеген көрінеді. Бұл талапты орындаған 18 жастағы бойжеткеннің бас терісі күйіп, шашы бүлінген. Мектеп ережесінің кесірінен моральдық тұрғыда жапа шегіп, әрі денсаулығына да зиян келген оқушы қыздың мектепке өкпесі қара қазандай. 

- Төлқұжаты бар алғашқы Аndroid. Sophia есімді робот Сауд Арабиясының азаматы атанды. Басылымның жазуынша, елді елең еткізген Sophia былтыр наурыз айында көпшілікке таныстырылған екен.