Экономика. Елордада жаңа талап бойынша ғимараттар салынады
Астана - жұмыс үшін жаралған қала. Күллі ел аумағындағы мамандар ошағы. Стартап бастап немесе бизнесін кеңейтуді ойластырып жүргендер үшін қалада жаңа заманауи кеңселер салынуда. Шаһарда құрылыс жүргізудің жаңа тұжырымдамасына сәйкес, елорда билігі көктемде тұрақсыз сауданы ұйымдастырудың жаңа ережесіне көшкен. Барлық әр түрлі орындық дүңгіршектер жаңартылды. Ендігі кезек, кеңсе ғимараттарына жетіп отыр. Елордадағы бизнес орталықтары жаңа талап бойынша салынады. Бұл жаңашылдық - жеке кәсіпкерлердің талғамы мен қаржылық жағдайына орай ғимарат табуына өте ыңғайлы болады. Қала билігі жыл соңына дейін еуропаның заманауи талаптарына сай келетін, жаңа құрылыс нормалары мен ережелерін енгізуді көздейді.