Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Британияда 75 мыңға тарта адам жұмыс орнынан айырылуы мүмкін
- Британия 2019 жылы Еуропалық одақ құрамынан шыққан соң, қаржылық қызмет көрсету саласындағы 75 мыңға тарта жұмыс орны жабылады. Англия банкі қазір осы мәселеге алаңдаулы, деп жазады Reuters. Валюталық сауда операциялар саласында басымдыққа ие Лондон, Еуропаның негізгі қаржылық орталығы саналды. Миллионға жақын британдық осы сектордан нанын тауып жеп жүр. Ал ресми деректерге сүйенсек, былтыр бұл саладағы қаржы 61 млрд стерлингке жеткен.
- Кубалықтар бұрынғысындай өз өміріне риза емес, деп жазады el Nuevo Herald. Венесуэла дағдарысқа тап болғалы бері көрші мемлекеттегі бөлшек сауда желісін тауармен қамту ісі айтарлықтай нашарлап кетті. Алдағы жарты жылдықта да жағдайдың төмендеуі анық, дейді экономист Омар Перес.
- Еуропадағы соңғы зерттеулер адам иммунитеті тапшылығы вирусы дертін жұқтырған адамдардың салы суға кетіп, өмірден үмітін үзгенін көрсетті. Аурудан ада өзге замандастарымен салыстырғанда сырқат жандар бос белбеулік танытады екен. Бұл туралы Миланда өткізілген СПИД-ке қарсы конференцияда айтылды.
- Қытайда 40 жылдан бері экономикалық өсім артып келеді. Бірақ бұл қарқынға тың серпін берер урбанизация мәселесі ескерусіз қалып отыр, деп хабарлайды Project Syndicate.