Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Apple компаниясының басы тағы да дауға қалды
- Израилдік компания Apple компаниясын сотқа берді, деп хабарлайды Reuters агенттігі. 2012 жылы арызданушы тарап, қосарланған камера технологиясын ең алғаш өздері патенттегенін айтады. Бірақ Apple жағдайды біле тұра, компанияның рұқсатын алмаған.
- Латын Америкасындағы ірі мұнай өндіруші саналатын Бразилия, Сауд Арабиясының өлімді азайту туралы ОПЕК келісіміне қосылмақ болған бейресми өтінішін орындаудан бас тартқан. Бұл туралы Ship&Bunker ресурсы хабарлады.
- Дос қызының тозығы жеткен ескі көлігін сатқан жігіт, ел назарын аударған ерекше жарнамасымен ел есінде қалды.
- Қойлар фотодағы адамдар кескінін ажырата алады екен, деп жазады TheGuardian. Ұзаққа созылған зерттеу жұмыстарынан кейін Кембридж университетінің ғалымдары осындай тұжырымға келген.