Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Есте сақтау қабілеті өте жақсы адамдардың науқас болуы мүмкін
Есте сақтау қабілеті өте жақсы адамдардың науқас болуы мүмкін. BBC телеарнасы осындай біртүрлі ауру туралы материал жасаған. Материалға арқау болған Ребекка Шеррок дүниеге келген сәтін, шырылдап көзін ашқанын, оны қызғылт жөргекке орап құндақтағанын есінде әлі күнге сақтаған екен. Дәрігерлер оған «гипертимезиялық синдром» деген диагноз қойған.