Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Еуроаймақтағы мемлекеттерде әлі күнге қолма-қол ақшаға сұраныс басым
Еуропалық орталық банк жүргізген сауалнама арқылы, еуроаймақтағы мемлекеттерде әлі күнге қолма-қол ақшаға сұраныс басым екендігі анықталған. Мәселен, кез келген немістің қалтасындағы ақша 100 еуродан кем емес. Ал Мальта мен Грекиядағылар қолма-қол ақшаға сауда жасайды. Сондай-ақ, француздықтар мен бельгиялықтар есептесу үшін чек кітапшасына жүгінеді екен.