Мәдениет жаңалықтары. Елордада «Әміре» фильмінің тұсаукесері өтті

1925 жылы Париж аспанын әнге бөлеп, күллі әлемді тамсандырған әнші Әміре Қашаубаев туралы кино жарыққа шықты. Туынды 5-інші сәуірден бастап прокатқа шығады. 88 минутқа лайықталған көркем фильмде Әміре Қашаубаев пен танымал америкалық джаз композиторы Джорж Гершвиннің достығы суреттеледі.