Іскерлік ақпарат. KASE мен «Мәскеу биржасы» стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды

«Қазақстан қор биржасы» мен «Мәскеу биржасы» стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды. Құжат Еуразиялық экономикалық одақ құрамындағы елдер үшін ортақ қаржылық нарық құруды көздейді. Серіктестік негізінен биржалық нарықты отандық және ресейлік инвесторлар үшін қолжетімді етуге бағытталған. Қазақстанда инфроқұрылымдық ұйым, яғни орталық контрагент құру ісіне араласу тетіктері де аталған қүжатта қарастырылған. Мәскеулік биржа сауда-клирингтік теxнологияларды ұсынып, тәуекелдерді басқару, жаңа құралдар ойлап табу бағыттары бойынша тәжірбиелерімен бөліспек. Келісім екі құрылымның серіктестігін көздейді, ал болашақта Мәскеулік биржаның KASE капиталына қатысуы да жоққа шығарылмайды.

Сондай-ақ...