Алматы облысында қамыс пен шөп өртенді
Алматы облысының Балқаш ауданында өртенген қамыс пен шөпті сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды 24KZ.
Онда «Қазавиақұтқару» тікұшақтары әуеден 65 рет жалпы көлемі 195 тонна су шашты. Күшті жел өрт ошақтарын сөндіруді қиындатып отыр. Сонымен қатар батпақты жерлерге техниканың жетуі қиын. Қазірде жекелеген өрт ошақтары сөндіріліп, жақын маңдағы шаруа қожалығы жалын отынан аман қалды. Құтқарушылар елді мекендерге қауіп жоқ екенін айтты.