Мәдениет жаңалықтары. «Современник» халықтық жастар театры жаңа қойылымның тұсауын кесті

Әлеуметтік желінің шырмауына түсіп, шын өмірдің бет-бейнесін жоғалтқан жастардың әрекеті жаңа қойылымға арқау болды. Туындыны «Современник» халықтық жастар театры көрермен назына ұсынды. Спектакль «Ойланыңызшы, өтініш...» деп аталды. 90 минуттық шығарма «адам» болып қалудың маңызын жан-жақты суреттеді.