Мәдениет жаңалықтары. Елордада Қытайдың көрікті жерлері бейнеленген көрме өтті

«Таңғажайып қытай - Аспан асты елінің тартымды орындары». Осындай атаумен Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде көрме өтті.  Көпшілікке ұсынылған картиналарда  Қытайдың шығыс жағалауында орналасқан Цзянсу провинциясының көрікті жерлері бейнеленген. Аталмыш өңір әлемнің ең ірі қалалық агломерациясының үздік алтылығына кіреді. Сондықтан да, аспан асты елі осы аймақты таныстыруды ұйғарған.