Мәдениет жаңалықтары. Елордада Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» атты шығармашылық кеші өтті
Қазақ ұлттық өнер университетінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, композитор Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» атты шығармашылық кеші өтті. Кеш бағдарламасына автордың үздік шығармалары енген. Композитордың қолынан шыққан шығармалардың саны 70 -тен асып жығылады. «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері отандық музыка саласына сіңірген еңбегі орасан және егде жасына қарамастан тыңдармандарын тың туындылармен әлі де қуантып келеді.