Мәдениет жаңалықтары. Астанада Гүлмира Құттыбадамованың есеп беру кеші өтті

Мәдениет қайраткері Гүлмира Құттыбадамова ел алдында есеп беріп, мерейтойларға тарту жасады. «Жиырма... Отыз... Елу... Көңіл аспаны» деп айдар тағылған кеш Қазақ ұлттық өнер университетінің орган залында өтті. Яғни, концерт - елорданың 20 жылдығына, өнерпаздың 30 жыл жұмыс тәжірибесіне және жарты ғасырлық ғұмыр кешкеніне арналды.