Мәдениет жаңалықтары. Еуропа тарихындағы болгар мәдени мұрасы
- Елордада Грузия Республикасының тәуелсіздігіне 100 жыл толуына орай қайырымдылық кеші өтті. Игі іске Қазақстан Республикасындағы Грузия Елшілігі, Астана қаласының әкімдігі, Грузияның Қазақстандағы құрметті Консулы Жанат Түсіпбеков қолдау көрсетті. Концертте джаз жанрының жауһарлары шырқалып, жиналған жұртты қуантты.
- ҚР ұлттық музейінде «Еуропа тарихындағы болгар мәдени мұрасы» көрмесі ашылды. Экспозиция «Болгария қалалары», «Колоритті болгария», «Әулие КлИмент Охридский» және «Әріптер жарығы» деп аталған төрт тақырыпты қамтыған.
- Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері «Скрипач» пьесасын қойды. Оқиға дүние жүзілік ұлы отан соғысы кезіндегі музыканттың өмірі жайлы. Сюжет желісі бойынша бас кейіпкер неміс фашистерінің қолына тұтқынға түседі, ал оның скрипкада шебер ойнау қабілеті өлімнен араша алып қалады.