Мәдениет жаңалықтары. «Османлы мемлекеті мен Орталық Азия хандықтары қарым-қатынастарының құжаттары» атты көрме

- Юнус Эмре атындағы түрік мәдени орталығының ұйымдастыруымен «Османлы мемлекеті мен Орталық Азия хандықтары қарым –қатынастарының құжаттары» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Түркияның Қазақстандағы елшілігі ұйытқы болған Шара Астананың 20 жылдығына арналады.

- Қарағандыда Чеховтың пьесасы негізінде жазылған «Вишневый сад» спектакльінің премьерасы өтті. 115 жыл бұрын жазылған шығарма алғаш рет 1904 жылы Мәскеу көркем театрында қойылған.

- Қазақтың «қыз қуу» спектаклі жуырда шет елде көрсетілмек. биылғы маусымды да осы қойылыммен жабатын Труппа ТМД елдерін аралауға дайындалып жатыр. Тіпті Осы жазда Германияда өтетін халықаралық театр фестиваліне де жолдау алынып қойған.