Мәдениет жаңалықтары. Суретші Мақсат Әлиевтің жеке көрмесі ашылды

- «Қазақстан» концерт залында «Слава искусству» музыкалық кеші өтті. Концертте опера әншілері, еңбек сіңірген құайраткерлері мен Қазақ ұлттық өнер университетінің аралас хоры өнер көрсетті. Сонымен қатар Қазақстанда алғаш рет Иоганнес Брамстың «Песнь судьбы» шығармасы шырқалды.

- Белый рояль галереясында Мақсат Әлиевтың жеке көрмесі ашылды. «Частичка природы» деп аталған экспощицияға автордың 2015мен2018 жылдар аралығында салған 80-ге жуық этюдтік еңбектері қойылған. Картиналарда Астана, Алматы, Ақтау, Қапшағай мен Ресейдің Мәскеу облысындағы табиғаты көрініс тапқан.

- Елордалықтар – фотограф Борис Беленькийдің туындыларын тамашалады. Шара - Украинаның мәдени-ақпараттық орталығында өтті. Келушілердің назарына бас-аяғы 60-тан астам туынды ұсынылды.