Экономика. Теңге бағамының маусым айындағы болжамы

Қазақстан жаңалықтар:

- 2018 жылдың бірінші тоқсанында мемлекеттік бюджет 2 трлн. 600 млрд. теңгеге толықты;

- Несиеге бас ұрған халық саны артып барады. Еңбекке жарамды әрбір қазақстандық банкке, тек қана тұтынушылық несие бойынша, орташа есеппен, екі айлық жалақыдан артық ақша қарыз;

- Экспорттық өктемдік күшейіп келеді. Қазақстан сыртқы нарықтарға 14 миллиард доллардың тауарын шығарған. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда, бірден 27%-ке артық;

- 2017 жылы Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Вьетнам тауар айналымын 36%-ке арттырды;

 

Әлем жаңалықтар:

- Еуроодақ Украинаға 1 млрд. еуро көлемінде, жаңа макроқаржылай көмек бөлуге әзірленіп жатыр;

- Netflix Inc. нарықтық құны бойынша Walt Disney мен Comcast-ты қуып жетті;

- Volkswagen концерні, өзінің қытайлық серіктесі FAW Group-пен бірге, алдағы айларда Қытайда үш жаңа зауыт ашпақ ниетте;

- Ресейдің қадағалау комитеті Apple компаниясына, Ресей Федерациясындағы App Store-дан, Telegram мессенджерінің қосымшасын өшіріп тастау туралы талаппен, хат жолдады.

 

Сараптама

Мамырда валюта нарығында айтарлықтай өсім болған жоқ. Теңге өз позициясын 327-328 теңге төңірегінде ұстап тұрды.

Спикерлер: Даулетбаев Ч.- экономист, Даутбаев А. - екінші деңгелі банктің қазынашылық және қаржы институттары бағытының директоры, Нұрмахамбетов Н. - екінші деңгелі банктің активтерді басқару бөлімінің бастығы.