Үлкен спорт. Денис Теннің өлімі әлем жұртшылығының қабырғасын қайыстырды

Олимпиада ойындарының жүлдегері, талантты сырғанаушы Денис Теннің өлімі әлем жұртшылығының қабырғасын қайыстырды. 19 шілдеде спортшыны Алматыда белгісіз біреулер пышақтап кеткен еді. Ауыр жарақаттан көз жұмған жігіт небары 25 жаста болатын. Теннің теңдессіз жетістіктеріне қазір әлемдік БАҚ-тар да назар аударған. Мысалы, «Гардиан» газеті Денист Теннің мәнерлеп сырғанаудан Қазақстанға алғашқы олимпиада медалін әпергенін жазады. 2013 жылғы әлем чемпионатында күміс жүлде, 2014 жылы Сочидегі жарыста қола медаль иеленген ол араға жыл салып, әлем чемпионатында үшінші орыннан көрінді. Спортшының әріптестері де қайғыдан қан жұтып отыр.