Отандық медицина. Қан айналымы жүйесі аурулары

Қазақстандық қан тамырлары хирургтары рентгендік хирургияда жаңа девайстарды меңгере бастады. Бүгінгі таңда жүрек-қан тамырлары сырқаттарынан көз жұму Қазақстандағы өлім-жітімнің негізгі себептерінің біріне айналды. Әсіресе созылмалы жүрек жетіспеушілігі дертіне шалдыққандарға төнер қауіп орасан. Эпидемиологиялық мәліметтерге сәйкес, халықтың 4%-нан астамына артериалды гипертензия және жүректің ишемиялық ауруы сынды жүрек-қантамырлары сырқаты ретінде созылмалы жүрек жетіспеушілігі диагнозы қойылады. ДДСҰ мәліметтері бойынша елімізде қан айналымы жүйесі аурулары салдарынан болатын өлімнің көрсеткіші еуропалық мемлекеттермен салыстырғанда екі есе жоғары.

Сондай-ақ...