Үлкен спорт. US Open финалында дау шығарған Серена Уильямс ұятқа қалды

US Open финалында Наоми Осакадан жеңіліп қалған Серена Уильямс дау шығарып, абыройсыздыққа тап болды. Екінші сетте америкалық теннисші бапкері берген кеңеске құлақ асты. Бірақ бұл жарыс ережелеріне қайшы келгендіктен, матч төрешісі Карлос Рамос спортшыға ескерту жасады. Бұдан кейін Уильямс 3:1 есебімен басым түссе де, Осака соққан допты қағып алды. Ашуға мінген Серена ракеткасын сындырып тастады. Мұны елеусіз қалдырмаған Рамос айып салды. Ал америкалық спортшы ұпайымды ұрладың деп, төрешіге бас салды.