Мәдениетке саяхат. Елордада «Руханият тіректері» атты кітап көрмесі ашылды

ҚР Тұңғыш президенті - Елбасының кітапханасында «Руханият тіректері» атты кітап көрмесі ашылды. Экспозицияға 80 данадан тұратын құран кітаптардың коллекциясы енген. Басылымдардың басым бөлігі Нұрсұлтан Назарбаевқа шет мемлекеттер өкілдерінен дипломатиялық сый ретінде ұсынылған. Әр кітаптың безендірілуі - әлемдік мәдени мұраның ажырамас бөлігі болып табылатын дәстүрлі ислам мәдениетінің қайталанбас бейнелерін қамтитын зергерлік, көркемдік және каллиграфиялық шебер әдіспен өңделген.