Ерекше көзқарас. Мұғалім мәртебесі неге төмен?
Әр педагог келер жылы қабылданатын «Ұстаздар мәртебесі туралы» заңға ұсыныс пен өзгеріс енгізе алады. Білім және ғылым министрлігі арнайы жұмыс тобын құрып, президент жолдауындағы тапсырмаларды орындауға білек сыбана кірісті. Педагог мәртебесі туралы Заң қандай болуы керек? Мұғалімнің жанайқайын түсінген жан бар ма? Ұстаз қоғамдағы биік мәртебесінен неге айрылды? Бүгін осы мәселелерді сарапқа саламыз. Студиямыздың қонағы Салалық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіптік одағының төрайымы Майра Амантаева.