Мәдениетке саяхат. Алматыда әйгілі суретші Густав Климтің шығармашылығына арналған көрме өтті

Алматылық галереялардың бірінде әлемге әйгілі суретші Густав Климтің шығармашылығына арналған көрме өтті. «Густав Климт 100 жылдан кейін» деп аталған шараның ашылған бірінші күнінде ақ 1000 аса адам келген. Экспозицияға картиналардан бөлек автормен байланысты фото, видео және анимациялық еңбектер енген.  Ұсынылған жәдігерлердің барлығы репродукцияның ең үздік үлгісі саналады.