Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Ғалымдар қанттың адам ағзасына зиянды әсерін дәлелдеуде

Америкалық ғалымдар қанттың адам ағзасына зиянды әсерін дәлелдейтін қызық тәжірибе жасады. «Фокус» басылымының жазуынша, ғалымдар гендік мутацияға ұшыраған адамдарды зерттеген. Осының кесірінен олардың ағзалары аз мөлшердегі глюкозаны сіңіріпті. 15 мыңға тарта қатысушының 1200-інде гендік мутация орын алған. Зерттеу кезінде ағзасы аз мөлшердегі глюкозаны сіңірген адамдардың 57 пайызында артық салмақтың көбею қаупі төмен болғаны анықталыпты. Ал 42 пайыз диабеттің асқынуы төмен болған, деп жазады «Фокус».