Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Apple басшысы Тим Куктің өткен жылғы табысы 15,5 миллион долларға жетті

Apple басшысы Тим Кук 2018 жылы 15,5 миллион доллар ақша тауыпты. Бұл деректер АҚШ қор биржалары мен құнды қағаздары туралы Комиссия жасақтаған есепте көрсетілген.  Бұл сома 3 млн долларды құраған негізгі жалақысы, 12 миллионнан астам сыйақысы мен Куктің жеке ұшағын пайдаланғаны үшін төленетін 294 мың доллардан астам өтемақыдан құралған.  Business Insider-дің жазуынша, Apple ортанқол қызметкері жылына 55 426 доллар табады екен. Осылайша компания басшысы Тим Кук ортанқол қызметкерінен 283 есе көп қаржы тапқан деп аяқтайды басылым.