Шетелдік БАҚ: шолу және талдау. Дене іс-қимылы миды жасартады

Дюк университетінің профессоры Джеймс Блюменталь бастаған ғалымдар тобы когнитивті жүйе ақаулықтарына шалдыққан адамдарды зерттепті.

Ғалымдар орта жасы 65-тер шамасындағы 160 пациентті бақылауға алған.

«Зейіндік жинақтау мен рефлекстік мүмкіндіктерінде тежелулер байқалған 60-тан асқан егде адамдарға дене іс-қимылын арттыруды тапсырдық. Белсенді жаттығулардың арқасында олардың жағдайы жақсарды», - деп жазды автор.