Мәдениетке саяхат. Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Есімғали Жұмановтың көрмесі ашылды

Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде қазақстанның Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған суретші Есімғали Жұмановтың «Бейсаналық экзистенциясы» атты жеке мерейтойлық көрмесі ашылды. Экспозицияда автордың 90-нан аса еңбегі ұсынылған.