Үлкен спорт. «Формула-1» жарысының аңызына айналған спортшы Ники Лауда 70 жасқа толды

«Формула-1» жарысының тірі аңызына айналған австриялық спортшы Ники Лауда 70 жасқа толды. Оның жетістіктері туралы «МоторБокс» ресурсынан оқи аласыздар. Ники Лауда бұл спортқа 19 жасында келген. Оның бұл шешіміне отбасы үзілді-кесілді қарсы болған, тіпті тарыққанда ақша да бермепті. Сондықтан Лауда жарысқа қатысу үшін несие алуға мәжбүр болған екен. 1973 жылдың күзінде Лауда Ferrari-мен келісімшартқа қол қойды. Осыдан кейін оның тасы өрге домалап, жұлдызы жарқырады. 11 жыл бойы сәтсіздіктен көз ашпаған Ferrari 1975 жылдың күзінде «Формула-1» жарысында жеңіске жетті. Команданы жеңіске жетелеген австриялық жас талант дәулеттілер қатарына қосылып, айналасына тез танылды. Бірақ 1976 жылдың жазында Лауда Германиядағы Гран-при кезеңінде апатқа ұшырады.