Үлкен спорт. 2024 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына «брейк-данс» қосылады

2024 жылы Парижде өткізілетін Жазғы Олимпиада ойындарының бағдарламасына брейк-данс қосылады. Ұйымдастыру комитеті өкілдерінің түсіндіруінше, бұл бастама шараны неғұрлым қызықты әрі тартымды қылу үшін жасалып отыр. «СиЭнЭн» телеарнасының хабарлауынша, Франциядағы қызықтар «брейк-данспен» шектелмейді. Мамандар жарыс бағдарламасына сёрфинг, шыңға өрмелеу мен скейтбординг те енгізуді ұсыныпты. 2020 жылғы Токио Олимпиадасында спортшылар осы үш жарыс бойынша жүлдені сарапқа салады.