Үлкен спорт. Кәсіпқой спортшылар қалай қалпына келеді?

Кәсіпқой спортшылар қалай қалпына келеді? Олардың әдіс-тәсілдерін күнделікті өмірде қолдануға бола ма? BBC-дің бұл сауалдарына футболдан Англия құрамасы мен «Манчестер Юнайтед» секілді өзге азулы футбол клубтарының ұйқыдан жаттықтырушысы болған Ник Литтлхалс жауап беріпті. Кәсіби маман адамның күш-қуатын қайта қалпына келтіру үшін ұйқысын қандыру аздық ететінін айтады. Бұл үшін ағзаны тынықтырудың түрлері бар екен. Жаттықтырушы демалыс кезеңдерін «қайта қалпына келудің қадағаланатын кезеңдері» деп атайды. Бұл аралық 30 минутқа ғана созылады, әрі ұйқыға еш қатысы жоқ.