Мәдениетке саяхат. Елордада «Ұлы дала ұлағаты» атты театрландырылған музыкалық кеш өтті

«Ұлы дала ұлағаты». Осындай атаумен «Астана» концерт залында театрландырылған музыкалық кеш өтті. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында ұйымдастырылған шарада әртістер беташар, бесікке салу, тұсау кесер сынды қазақтың салт-дәстүрлері мен ұлттық ойындарын ұлықталды. Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының артисі Нұрай Танабаев мерекелік жобада абыз ақсақалдың рөлін сомдады. Дуалы ауыз қария өнерлі жастарға ақ батасын беріп, жігерлендірді.