Мәдениеткек саяхат І «Кончерто Барокко» балетінің премьерасы өтті

- Астана балет театрында Джордж Баланчинің «Кончерто Барокко» балетінің премьерасы өтті;

- Елордалық оқушылар сарайында астаналық этномәдени бірлестіктерінің шығармашылық кеші өтті. Айтулы шара «Этникалық полифония» есеп беру концерті аясында ұйымдастырылған;

- Петропавлда буккросингке арналған ресми бөлімшелер ашылды. Аталған акция кітап алмасу мәдениетін дамыту бойынша қолға алынған ауқымды жоба аясында ұйымдастырылған;

- Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінде қазіргі заманғы жапон өнерінің «Нәзіктік тепе-теңдігі» көрмесі өтті.