Мәдениетке саяхат | 13.03.20 шығарылым
- Шымкентте қалалық драма театр ұжымы «Гамлет» қойылымының тұсауын кесіп, көрермен көңілін бір серпілтіп тастады;
- «Астана Опера» театрында Россинидің «Севильдік шаштараз» комедиялық операсы қойылды. Басты Фигароның партиясын театрдың үлкен залында алғаш рет баритон Расул Жармағамбетов сомдады;
- Ұлттық академиялық кітапханада хакім Абайдың бай мұрасына арналған әдеби кеш өтті. Шара барысында елордалық оқырман танымал сатирик, журналист, Президент сыйлығының лауреаты Көпен Әмірбекпен жүздесті.