Мәдениетке саяхат | Дәрігерлерге деген құрмет: Париж Гранд-Операсының концерті

Париждік Гранд-Опера артистері пандемиямен күресіп жатқан ақ халатты абзал жандарға арнап концерт өткізді. «Фигароның үйлену тойына» увертюра шырқалған музыкалық кеш «Бастилияны басып алу» күні қарсаңында ұйымдастырылды. Ұлттық мерекеге орайластырылған дәстүрлі концерт бұл жолы Эйфель мұнарасының қасында өтті.